Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Қызылордада тұрғындар өз ақшасына құбыр ауыстырып жүр: ескі үйді неге бұзбайды?

    Қызылордада тұрғындар өз ақшасына құбыр ауыстырып жүр: ескі үйді неге бұзбайды?

    Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі, 30-үй тұрғындары үйдің жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты.

    Айтуларынша, жертөледегі құбырлар шіріп кеткен соң, тұрғындар өз қаражатына ауыстыруға мәжбүр болған. Подвалда жиналған сасық суды да өздері тазартқан. Алайда жөндеу жасағанымен, үйдің іші көгеріп, қабырғалары бүлініп жатыр.

    Тұрғындардың сөзінше, жаңбыр жауған сайын подъезд төбесінен су ағады. Бір жерін жөндесе, екінші жері қайта құлай бастайды дейді. Сыртынан қарағанда да көпқабатты үйдің тозығы жеткені байқалады. Тұрғындар мұндай жағдайда үйді сносқа жіберу керек деп есептейді. Олардың айтуынша, мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Әзірге жергілікті әкімдіктен нақты жауап болмаған.

    Видео: @kritikakyzylordy2

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →