Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды •

    Алматыдағы шулы оқиға: Сайрандағы итті құтқаруға арнап мүсін орнатылды

    Алматыдағы Сайран көлі маңындағы итті құтқару оқиғасына арналған жаңа арт-нысан орнатылды. Бірлік пен ынтымақты бейнелейтін мүсінді жеке компания салды.

    Алматыдағы шулы оқиға: Сайрандағы итті құтқаруға арнап мүсін орнатылды
    file_689.jpg

    Алматыда көпшіліктің есінде қалған Сайран көліндегі итті құтқару оқиғасына арнап жаңа арт-нысан орнатылды. Адамгершілік пен бірліктің символына айналған мүсін Үлкен Алматы өзенінің арнасына қойылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жоба бастамашысы – «Progression CA» жарнама агенттігі. Компания бұл игі істі толығымен өз қаражатына жүзеге асырған, яғни оған бюджеттен ақша жұмсалған жоқ. Арт-нысан Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасымен келісілген және наурыз айының соңында ресми түрде ашылады.

    Естеріңізге сала кетейік, Сайран көліндегі итті құтқару оқиғасы халықаралық деңгейде талқыланып, қоғамға мейірімділік пен жанашырлық сияқты маңызды құндылықтарды еске салған еді. Жаңа мүсін сол оқиғаның негізінде жасалған.

    Композиция бір-біріне қол ұшын созған адамдардың бейнесі арқылы қиын сәттегі өзара көмек пен ынтымақтың маңызын көрсетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, заманауи интерактивті форматта жасалған бұл туынды қала тұрғындары мен қонақтары жиі келетін жаңа орынға айналады деп күтілуде.

    Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық кеңістіктерді көркейту және қала ортасында бірлік, өзара көмек сияқты құндылықтарды насихаттау.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →