Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады •

    «Өткір, тиянақты, қиялшыл»: Света Айтбаева балаларының мінезін сипаттады (ВИДЕО)

    «Өткір, тиянақты, қиялшыл»: Света Айтбаева балаларының мінезін сипаттады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Димаштың ата-анасы, жұлдызды жұп Қанат және Света Айтбаевтар Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында қонақ болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    33 жыл отасқан жұп отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті.

    Өнер иелері әр баланың мінезі әртүрлі болатынын, бірақ дұрыс тәрбие бәріне ортақ негіз қалыптастыратынын айтты.

    — Үш баламыз бар. Димаш, Раушан, Әбілмансұрдың өмірге көзқарасы ұқсас болғанымен, мінезі әртүрлі. Димаш — өткір, қайсар, жүрегі жұмсақ. Раушан — тиянақты, жауапкершілігі жоғары. Мансұр — қиялшыл, кітапқұмар. Үшеуі үш бөлек болғанмен, бауырмал. Ең бастысы — баланың жүрегіне бауырмалдық пен адамгершілікті сіңіру, — деді Қанат Айтбаев.

    Сонымен қатар әнші тәрбие берудегі еркіндік пен тәртіптің тепе-теңдігі жайлы айтты.

    — Қытай халқында «бала кішкентай кезінде қателік жасаса, ол ата-ананың кемшілігі» деген ұғым бар. Баланы жүгенсіз өсіруге болмайды. Қазақ тәрбиесі де осыған негізделген. «Әкең келе жатыр» деген сөздің өзі тәртіптің белгісі. Баланы шектен тыс еркіндікке жібермей, бағыт-бағдар беріп отыру қажет, — деді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →