Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Боксшы Сәкен Бибосынов WBA титулына таласады

    Боксшы Сәкен Бибосынов WBA титулына таласады
    Фото: Ben McShane / Sportsfile via Getty Images

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл айқаста ол мансабындағы алғашқы титулға таласады. Бұл туралы sportbugin.kz мәлімдеді.

    Әлемнің екі дүркін чемпионы әрі Токио Олимпиадасының жүлдегері бұл жолы индонезиялық Сурия Дхармамен қолғап түйістіреді. Қарсыласының рекорды — 4 жеңіс (3 нокаут).

    Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Asia белбеуі үшін таласады. Кездесу 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді.

    «Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Бұл мен үшін он раундқа жоспарланған алғашқы айқас болады. Қарсыласым өте мықты», — деді Бибосынов.

    Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген. Ол кезде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

    Екінші жекпе-жегі де Бішкекте өтті. Жергілікті боксшы Адилет Качкынбековке қарсы айқас толық қашықтыққа созылып, қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →