Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Жамбылда екі жүк пойызы соқтығысты: машинист мас болған ба?

    Жамбылда екі жүк пойызы соқтығысты: машинист мас болған ба?
    Фото: vgudok.com

    Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепловозына 5 вагон дизель отынын тасып келе жатқан маневрлік тепловоз келіп соғылған. Екінші тепловоз “Қазақстан темір жолы” компаниясына тиесілі екені айтылды.

    Оқиға куәгерлерінің сөзінше, соқтығыс салдарынан адамдар қатты шошып, “бір өлімнен аман қалдық” деп жағдайдың қаншалықты қауіпті болғанын жеткізген.

    Желі авторы машинист мас болуы мүмкін деген болжам айтады. “Тойып алған ба, білмеймін. Бұған қалай жол берілді?” деп сұрақ қояды ол.

    Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі ресми түрде расталған жоқ. Қоғам “Қазақстан темір жолы” компаниясының ресми түсініктемесін күтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →