Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды •

    Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады

    Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады

    Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады.
    Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қазақстан Президенті 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Осылайша, банк экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты.

    Мемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде әңгімеледі. Бұл елімізде орнықты даму мен құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

    Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады.

    АДБ жетекшісі еліміздің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар секторын ілгерілетуде, ірі инвестициялық бастамаларды іске асыруда зор әлеует бар екеніне тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір.

    t.me/aqorda_resmi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →