Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    “Әзірге ажырасқан жоқпыз”: Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы туралы жауап берді

    «Алдараспан» театрының актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасқаны туралы қауесеттерге жауап беріп, журналистердің сөзін бұрмалайтынын айтты.

    “Әзірге ажырасқан жоқпыз”: Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы туралы жауап берді
    file_562.jpg

    “Алдараспан” театрының белгілі актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева соңғы кездері жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге нүкте қойып, ажырасқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Өнер иесінің айтуынша, журналистер оның сөзін жиі бұрмалап, бір ауыз сөзінен-ақ түрлі тақырыппен шулы жаңалық жасауға бейім.

    «Журналистерге бір нәрсе айтсаң, оны әртүрлі бұрып, сайттарға жариялай салады. Бір эмоциямен жазғанымды әр сайт әрқалай береді. Мысалы, бір журналистке “ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты” деген едім», – дейді актриса.

    Дүйсенбиева бұл сөзінің ертесіне-ақ «ауыр дертке шалдықты» деген жалған ақпаратқа ұласқанын айтады. Бұл оқиғадан кейін оның жеке өміріне қатысты тағы бір қауесет тараған.

    «Ертеңінде “Жұлдызайдың жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан” деген ақпарат шықты. Алыс-жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрады. Тіпті кей кәсіпкерлер “ақшасын айт, емделіп ал” деп ұсыныс жасады. Негізі бұл ауыр дерт емес, кез келген адамда болатын жағдай. Қазір жазылып кеттім. Сол сияқты желідегі бір жазбама қарап “ажырасып кетіпті” деп те шу шығарды. Шындық – әзірге ажырасқан жоқпыз», – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →