Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Семейдегі кептеліс: Жедел жәрдем көлігі өте алмай, адам өміріне қауіп төнді

    Семей қаласындағы Мичурин көшесіндегі кептеліс салдарынан жедел жәрдем көліктері өте алмай, адам өміріне қауіп төніп тұр. Тұрғындар биліктен нақты шешім талап етеді.

    Семейдегі кептеліс: Жедел жәрдем көлігі өте алмай, адам өміріне қауіп төнді

    Семейдегі Мичурин көшесіндегі кептеліс тұрғындарды әбден қажытты. Таңғы уақытта бұл аумақтағы қозғалыс толықтай тоқтап, арнайы дабылын қосқан жедел жәрдем көлігінің өзі өте алмайтын жағдайға жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мәселенің негізгі себебі – теміржол өткелі. Пойыз өтпесе де, бұл жерде көлік легі сағаттап тұрып қалады. Тұрғындардың айтуынша, жағдайды жолдың басқа бөлігінен келіп қосылатын қосымша көлік ағыны одан сайын ушықтырады.

    «Патрульдік полиция көліктері ғана арнайы дабылмен әрең өтеді. Ал жедел жәрдем мен қоғамдық көліктер қарапайым жүргізушілермен бірге кептелісте тұруға мәжбүр. Бұл нағыз бассыздық», – дейді жергілікті тұрғындар.

    Бұл жай ғана қолайсыздық емес, адам өміріне төнген тікелей қауіп. Уақытында жете алмаған дәрігерлер біреудің өмірін сақтап қала алмауы мүмкін. Сонымен қатар, кептеліс салдарынан адамдар жұмысқа кешігіп, қоғамдық көлік кестесі бұзылып, әлеуметтік шиеленіс артып келеді.

    Әзірге қала билігі жыл сайын қайталанатын бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →