Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қызылордада өгей әке түрмеге тоғытылды

    Қызылордада өгей әке түрмеге тоғытылды

    Фото: freepik

    Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қызылордалық бойжеткенді өгей әкесі аңдып, оның тыныштығын бұзған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.

    — Жыл басынан бері облыс аумағында әйелдерге қатысты 6 сталкинг дерегі анықталып, жолы кесілді. Барлық жағдайда күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған. Көп жағдайда қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан күдіктілер қудалауын жалғастырған. Атап айтқанда, түрлі нөмірден қоңырау шалған, хабарлама жазған, үйі мен жұмыс орнына барған, әлеуметтік желілер арқылы мазалаған. Жәбірленушілер байланысын толық үзгеніне, нөмірін бұғаттағанына және кездесуден бас тартқанына қарамастан қудалау әрекеттері тоқтамаған, — делінген хабарламада.

    Полиция мұндай құқықбұзушылық үшін заңнама аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Мұндай жағдайға тап болғанда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →