Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Трамп пен Нетаньяхудың Вашингтондағы кездесуі 3 сағатқа созылған

    Трамп пен Нетаньяхудың Вашингтондағы кездесуі 3 сағатқа созылған

    Фото: Jabin Botsford/The Washington Post via Getty Images

    АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Ақ үйдегі кездесуі шамамен үш сағатқа созылды. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кездесуге сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер, сондай-ақ елші Майк Хакаби қатысты. Израиль делегациясының құрамында Израильдің АҚШ-тағы елшісі Йехиэль Лейтер, әскери хатшы Роман Гофман, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшінің міндетін атқарушы Гил Райх, Майкл Айзенберг, премьер-министр аппаратының жаңа басшысы Зив Агмон және саяси кеңесші Офир Фальк болды.

    Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, кездесу Вашингтон Иранмен келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге арналды.

    «Екі тарап та келісім жасалу ықтималдығына күмәнмен қарайды», – деп хабарлайды 12-арна.

    Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кездесуі өтуде.

    Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйде өткен кездесуде Газа мен Иран мәселелері талқылануда.

    Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арасындағы келіссөздер басталды.

    Кездесудің басты тақырыбы – Иранның ядролық мәселесін шешу жөніндегі иран-америкалық келіссөздердің барысы. Нетаньяху Израильдің ұстанымын таныстырып, Иранмен жасалатын келісім уранды байытуды тоқтатуды, қолда бар материалды ел аумағынан шығаруды және баллистикалық зымырандарды әзірлеуді тоқтатуды қамтуы қажет екенін атап өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →