Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Нұрайдың қазасы: жас қызды жазым еткен қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

    Нұрайдың қазасы: жас қызды жазым еткен қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

    Фото: скриншот

    Шымкент қаласында Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қайта сараланып, бірден үш ауыр бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қазіргі таңда күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу мәліметінше, қылмыс “аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” ретінде бағаланып отыр. Бұл бапта 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы — аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру, 125-1-бап-некеге мәжбүрлеу және 115-1-бап — сталкинг бойынша айып тағылды.

    Еске салсақ, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған. Қала тұрғыны Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан қаза тапқан. Қылмысқа дейін күдіктінің марқұмды ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені белгілі болды. Қыздың ата-анасы полицияға бірнеше рет арызданғанымен, ол кезде қылмыстық іс қозғалмаған.

    Оқиғадан кейін 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл іс бойынша құқық қорғау органдарының әрекетіне жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

    Тексеру нәтижесінде Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, бірқатар полиция қызметкеріне салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →