Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында бой көтереді

    Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында бой көтереді
    Фото: freepik.com

    Қазақстан Үкіметі ел аумағында екінші атом электр стансасын салу туралы түбегейлі шешім қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    2026 жылғы 26 қаңтарда қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес, «Екінші атом электр стансасы» ядролық қондырғысының құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүзеге асырылады. Тиісті құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді.

    «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы және ядролық қондырғы құрылысының ауданы болып Алматы облысының Жамбыл ауданын анықтау туралы шешім қабылдансын»,- делінген құжат мәтінінде.

    Айта кетейік, 2025 жылдың тамыз айында Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр стансасының құрылысы ресми түрде басталған еді.

    Былтыр 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс жарияланып, ел азаматтарынан 27 мыңнан астам ұсыныс түскен. Конкурс комиссиясы қорытындылай келе, алғашқы АЭС атауын «Балқаш» деп бекітті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →