Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Australian Open тарихындағы сенсация: Джокович финалда алғаш рет жеңілді

    Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Australian Open финалында Новак Джоковичті жеңді. Бұл – Джоковичтің Мельбурн финалындағы алғашқы жеңілісі.

    Australian Open тарихындағы сенсация: Джокович финалда алғаш рет жеңілді
    file_349.jpg

    Мельбурнде өткен Australian Open турнирінің финалында 22 жастағы испандық теннисші Карлос Алькарас аты аңызға айналған Новак Джоковичті жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тартысты өткен финалдық кездесу төрт сетке созылып, 6:2, 2:6, 6:3, 7:5 есебімен Алькарастың пайдасына шешілді. Бұл – испандық теннисшінің мансабындағы жетінші «Үлкен дулыға» титулы және оның Аустралия корттарындағы алғашқы жеңісі.

    Ал 38 жастағы сербиялық Новак Джокович үшін бұл жеңілістің тарихи мәні зор. Ол осыған дейін Australian Open турнирінің финалына он рет шығып, барлығында жеңіске жеткен болатын. Осылайша, оның Мельбурндегі керемет жеңіс сериясы үзілді.

    Финалға дейінгі жолда Алькарас Александр Зверевті, ал Джокович бес партияға созылған тартысты ойында Янник Синнерді жеңген еді.

    Еске сала кетейік, осының алдында әйелдер арасындағы финалда Қазақстан намысын қорғаған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан басым түсіп, елімізге жеңіс сыйлаған болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →