Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді: Биволдың атышулы әйелі Ресейде сот алдында жауап береді

    Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді: Биволдың атышулы әйелі Ресейде сот алдында жауап береді

    29 қаңтарда Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қатысты іс қарала бастайды. Оған ұлтшылдыққа негізделген ашық дау туғызу айыбы тағылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сотқа себеп болған видео 2025 жылғы қазанда Telegram-арнасында жарияланған болатын. Экстремизмге қарсы орталық мамандары материалдан қырғыз және қазақ ұлты өкілдерінің қадір-қасиетін төмендететін мәлімдемелер табылғанын хабарлады.

    Еске салсақ, 2025 жылғы қазанда әлеуметтік желілерде Екатерина Биволдың қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлаушы сөздер айтқан видеолары тараған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып, Қазақстан мен Қырғызстанда айыптауға ұшырады.

    Қырғызстанда Екатерина Биволға қарсы ұлт арасындағы алауыздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан ІІМ-де де іздеу жарияланған.

    Кейін Биволға қатысты ориентировка шыққан. Екатерина мен Дмитрий Бивол 16 жыл некеде тұрған, екі ұлын тәрбиелеп өсірген. 2023 жылы маусымда ресми түрде ажырасып кеткен. Екатерина өзінің қазақстандық тамырларын бірнеше рет атап өткен — әкесінің Алматыдан шыққаны, атасының қазақтан ұйғыр болғаны айтылған. Ресей Қазақстанға Биволдың бұрынғы жарының іздеуге көмектесетінін мәлімдеді.

    Сондай-ақ, Екатерина психиатриялық емханада тексеруден өткен. Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайына қарсы сотта жеңіске жеткен. Ленин аудандық соты Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін тіркеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →