Басты бет » Тоқаев Трамптың шақыруымен Давосқа барады: Бейбітшілік кеңесі құрылады

Тоқаев Трамптың шақыруымен Давосқа барады: Бейбітшілік кеңесі құрылады

file_175.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы бұл сапарға АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен аттанбақ, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сапардың негізгі мақсаты – жаңадан құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу. Бұл – әлемдік деңгейдегі маңызды бастама болып саналады.

Дональд Трамптың жеке шақыруы бұл оқиғаға ерекше саяси мән беріп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, аталған кеңестің құрылуы жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне жаңа серпін беруі мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика