Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр •

    Несие беру қатайды: Қазақстан банктерінің табысы 2,7 трлн теңгеге жетті

    Қазақстанда несие беру ережелері қатайғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктердің жылдық жиынтық пайдасы 6,6%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгеге жетті.

    Несие беру қатайды: Қазақстан банктерінің табысы 2,7 трлн теңгеге жетті
    file_173.jpg

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің жиынтық пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артты. Бұл көрсеткіш бөлшек саудада несие беру ережелерінің қатаңдатылуына қарамастан тіркеліп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ұлттық банк деректеріне сәйкес, банктер үшін ең үлкен кіріс көзі активтерді қайта бағалау болған. Бұл бап былтыр қаржы институттарына 83,2 трлн теңге әкеліп, 40,5%-ға өскен. Дегенмен, ең үлкен шығын да осы активтерді қайта бағалаудан болды – 83,1 трлн теңге (өсім 40,4%).

    Өткен жылы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тұтынушылық несиелендіру қарқынын бәсеңдетіп, бизнеске берілетін қарызды ынталандыруға тырысты. Осы мақсатта несиелеу кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау туралы заң нормалары біртіндеп енгізілді.

    Аталған заң аясында қарыз алушының төлем қабілетін анықтайтын жаңа көрсеткіш – борыштың табысқа қатынасы коэффициенті енгізілді. Сонымен қатар, онлайн несие алу кезінде міндетті сәйкестендіру, қарызды коллекторларға сатуға мораторий жариялау, несие алу үшін жұбайының келісімін алу және алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер бойынша пайыз есептеуге тыйым салу сияқты талаптар күшіне енді.

    Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Банктер туралы» заңның жаңа редакциясы да бірқатар шектеуді қарастырады. Енді бір сағат ішінде әртүрлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан бірнеше несие рәсімдеуге тыйым салынады және соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетіледі.

    Фото: Envato Elements

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →