Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    Қазығұрт тасжолында екі көлік соқтығысты: Үш адам оқиға орнында көз жұмды

    Түркістан облысындағы Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Kia мен Haval көліктері соқтығысып, үш адам қаза тапты.

    Қазығұрт тасжолында екі көлік соқтығысты: Үш адам оқиға орнында көз жұмды
    file_168.jpg

    Түркістан облысында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты болды. Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Kia және Haval көліктерінің қатысуымен болған.

    «Алдын ала болжам бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval көлігімен соқтығысқан», — делінген ресми хабарламада.

    Апат салдарынан үш адам оқиға орнында жан тапсырды. Сонымен қатар, тағы бірнеше зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

    Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →