Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    Тоқаев: Жаңа Парламент енді «Құрылтай» деп аталады, депутаттар азаяды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірпалаталы жаңа Парламентке "Құрылтай" деген тарихи атау беруді ұсынды. Депутаттар саны да қысқарады.

    Тоқаев: Жаңа Парламент енді «Құрылтай» деп аталады, депутаттар азаяды
    file_164.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа бірпалаталы Парламентіне «Құрылтай» деген тарихи атау беруді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысының пікірінше, бұл атау халықтың тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық мүддені қорғайтын өкілді органның мәртебесін айшықтай түседі. Президент бұл ұсыныстың халық талқысына салынатынын атап өтті.

    «Жаңа Парламент «Құрылтай» деп аталады», — деді Тоқаев өз сөзінде.

    Саяси реформа аясында заң шығарушы органның құрылымы да өзгереді. Егер қазіргі екіпалаталы Парламентте (Мәжіліс пен Сенат) жалпы 148 депутат болса, жаңа бірпалаталы Құрылтайда олардың саны 145-ке дейін азаюы мүмкін.

    Сонымен қатар, жаңа Парламент құрамында 8 комитет құру жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →