Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жаңаөзендегі жол апаты: Үйінде отырған сәбиді өрт сөндіру көлігі қағып кетті

    Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылды. Апат салдарынан екі адам, оның ішінде үйде болған қыз бала көз жұмды.

    Жаңаөзендегі жол апаты: Үйінде отырған сәбиді өрт сөндіру көлігі қағып кетті
    file_160.jpg

    Жаңаөзенде өртке асыққан арнайы көлік жол апатына ұшырап, тұрғын үйге соғылды. Салдарынан үйде болған кішкентай қыз көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға 18 қаңтарда болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру автоцистернасы шақыртуға бара жатып, Lifan жеңіл көлігімен соқтығысқан. Соққыдан бағытын өзгерткен ауыр техника жол жиегіндегі үйдің бір бөлігін бұзып, аударылып қалған.

    Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының өкілдері жол-көлік оқиғасынан барлығы 11 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың екеуі қайтыс болған.

    «Мерт болғандардың бірі – Lifan көлігінің жолаушысы, ол оқиға орнында жан тапсырды. Екіншісі – өрт сөндіру көлігі соққан үйде болған қыз бала. Ол ауруханада көз жұмды», — делінген аурухана таратқан ақпаратта.

    Апаттан аман қалғандардың арасында Lifan жүргізушісі, жеті өрт сөндіруші және зардап шеккен үйден тағы бір қыз бала бар. Қазіргі уақытта уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын тергеу аяқталғанша жария етпейтінін мәлімдеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →