Алматыда аспаз тағамға есірткі ‘қосып’ сатқан: Ол жұмыс орнында ұсталды
Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінің аспазы жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Ол арнайы операция кезінде ұсталды.
file_138.jpg
Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінің аспазы ас мәзіріне есірткі «қосып» сатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті арнайы іс-шара барысында танымал мекеменің асхана қызметкерін қолға түсірді. Белгілі болғандай, ер адам есірткі саудасын тікелей жұмыс орнында ұйымдастырып келген.
Жеке тінту кезінде одан психотроптық заттар мен өсімдік тектес есірткі табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция мекемеге заңсыз заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
