Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы Ирандағы қолданушылар үшін Starlink спутниктік интернетінің абоненттік төлемін алып тастады. Бұл шешім жергілікті биліктің елдегі наразылықты басып-жаншу мақсатында интернетті толық бұғаттауына жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратпен америкалық Holistic Resilience ұйымының атқарушы директоры Ахмад Ахмадиан бөліскен. Алайда Starlink компаниясының өзі бұл жаңалыққа қатысты әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.
Иранда Starlink терминалдарын пайдалануға ресми түрде тыйым салынғанына қарамастан, белсенділер жабдықты елге заңсыз жолдармен кіргізуді жалғастырып жатыр. Ахмадианның бағалауынша, қазіргі уақытта Иран аумағында осындай 50 мыңнан астам құрылғы болуы мүмкін.
Фото: The White House
