Қайрат Сатыбалды мемлекет меншігіне өткізген Алматыдағы Double Tree by Hilton қонақ үйі бәссаудаға шығарылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Мемлекеттік мүлік департаменті растады. Мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан аукцион арқылы сатылады, бірақ бәссауданың нақты өтетін күні әзірге белгісіз. Дегенмен, сатылым жақын арада іске асатыны айтылды.
Аталған қонақ үй қаланың қақ ортасында орналасқан және 112 бөлмеден тұрады. Оны Сатыбалдыға қатысы бар кәсіпорын 2021 жылы сатып алған. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында актив мемлекетке қайтарылған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден
