Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды

    Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапындағы алғашқы матчында қауіпті сәтімен көзге түсті

    Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапындағы алғашқы матчында қауіпті сәтімен көзге түсті

    Фото:Kazfootball

    Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің Ахмат клубы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Грозныйлық команда Сербияның Нови-Пазар клубымен жолдастық матчта бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы бұл кездесуде алаңға қосалқы құрамнан шықты.

    Екінші таймның 66-минутында Кенжебек қарсылас қақпасына қауіпті соққы бағыттап, есеп ашуға бір табан жақын болды. Алайда гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады. Араға бірнеше минут салып, сербиялық ұжым қарсы шабуыл кезінде 71-минутта нәтижелі соққы жасап, алға шықты.

    Осылайша жолдастық кездесу 1:0 есебімен «Нови-Пазар» командасының жеңісімен аяқталды.

    Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» клубына ресми түрде 10 қаңтар күні қосылған. Бұл ойын оның Ресей Премьер-лигасы клубы құрамындағы тұңғыш матчы болды. Қазіргі таңда грозныйлық ұжымды Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

    Ресей Премьер-лигасының маусымдық қорытындысы бойынша «Ахмат» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орында келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →