Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Сыйлығын жариялау мақтаншақтық»: Төреғалидің қарындасы өзін сынағандарға жауап берді

    «Сыйлығын жариялау мақтаншақтық»: Төреғалидің қарындасы өзін сынағандарға жауап берді

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төрәлі үшінші сәбиін дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Қуанышты сәтте жас ананың жанында анасы, әпкесі, ата-енесі мен жақын туыстары болып, немерелі болған қуанышты бірге бөлісті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында туыстары тарту еткен сыйлықтарды — соңғы үлгідегі iPhone мен бренд сөмкелерді көрсетіп, әсерімен бөлісті. Алайда бұл жазбалар желіде түрлі пікір туғызды.

    Кейбір қолданушылар «Байлар бірден сыйлық жаудырады», «Жеке өмірін көрсету — мақтаншақтық», «Сыйлықты жариялау артық» деп сын айтса, енді біреулері Динаның отбасындағы татулық пен жақындардың қолдауын үлгі етті.

    Сынға жауап берген Дина Төрәлі сыйлықтан гөрі сыйластықтың маңызды екенін айтты.

    «Біздің қарым-қатынаста ең құндысы — мейірім мен құрмет. Ақша мен дүние емес, бауырмалдық бірінші орында. Инстаграмда көріп отырғандарыңыз — өміріміздің небәрі бір бөлігі ғана. Камера үшін жасанды алғыс айтпаймыз, бізде көзге көрінбейтін, бірақ әлдеқайда қымбат сәттер көп», — деп жазды ол.

    Сондай-ақ блогер өз өмірін қабылдай алмайтын жандарға да ой тастады.

    «Егер бірдеңе ұнамаса, алдымен өзіңе қара. Мен өмірімді бар қалпында қабылдаймын, бақыттымын. Бала кезден ата-анам мен бауырларымның қамқорлығын көріп өстім. Үй де алдым, көлік те, қымбат әшекейлер де алдым. Бұған ұялатын ештеңе жоқ», — деді Дина.

    Желі қолданушылары жазбаны әрқалай қабылдағанымен, көпшілік жас ананы құттықтап, сәбиіне амандық, отбасына береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →