Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мугуруса Рыбакинаның турнирден шығуын түсіндіріп, Костюктің алмастыруын бағалады • Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Мугуруса Рыбакинаның турнирден шығуын түсіндіріп, Костюктің алмастыруын бағалады • Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады •

    2026 жылдан бастап балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық ұлғаяды

    2026 жылдан бастап спорт мектептеріндегі әр балаға арналған жылдық қаржы 415 мың теңгеге дейін өседі.

    2026 жылдан бастап балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық ұлғаяды

    Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаңа қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Енді әр тәрбиеленушіге жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Бұл қазіргі 233 мың теңгелік сметалық жүйемен салыстырғанда екі еседей көп, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, енгізілетін подушевой жүйе спорт саласын басқаруды оңтайландырып, жас спортшылардың қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға бағытталған.

    «Бұл бастама балалар спортының дамуына серпін береді. Қосымша қаражат жергілікті бюджеттерден қарастырылады. Республикалық бюджет комиссиясы тиісті шығындарды қолдап отыр,» – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

    Сондай-ақ, бұған дейін «Е-Спорт» атты цифрлық платформа іске қосылғаны да хабарланған болатын. Ол спорт мектептері мен жаттықтырушылардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →