«Аузын ашқанның бәрі әнші»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы сынға қалды

Фото: видеодан скрин

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым жуырда өткен мәдени шаралардың бірінде сахнаға шығып, көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

Іс-шара барысында оның ән айтып, би билеген сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Жас өнерпаздың сахнадағы еркіндігі мен батыл қимылы жұртшылықтың қызығушылығын тудырғанымен, пікірлер екіге жарылды. Бірі оның өнеріне күмәнмен қарап, сын айтса, енді бірі болашағынан үміт күтетінін жеткізді.

Сын пікір білдіргендер қатарында: «Ауызын ашқанның бәрі әнші болып кетті», «Фонограммасыз орындай ала ма?», «Әкесінің атағымен келіп жатыр», «Басқа сала аз ба?» деген секілді жазбалар болды. Сондай-ақ сырт келбетіне қатысты орынсыз салыстырулар да айтылды.

Дегенмен Айымды қолдап, жігер беретін пікірлер де аз емес. Көпшілік оның талпынысын құптап, алғашқы қадамына сәттілік тіледі. «Боламын деген баланың бетін қақпау керек», «Талантты қыз», «Бастамасы құтты болсын», «Өз еңбегімен дәлелдеп көрсін» деген жылы лебіздер жазылды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл қадамды шығармашылық жолдың бастауы ретінде бағалап, жас өнерпазға мүмкіндік беру қажет екенін атап өтті. Ал өзгелері оның сахнаға шығуын отбасылық танымалдықпен байланыстырады.

Қалай болғанда да, Айымның өнері қоғам назарын аударып, бейжай қалдырмағаны анық.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика