Жаңа автонөмірлер үшін кезек: Мамандандырылған ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек байқалды
Мамандандырылған ХҚКО-ларда автонөмір таңдауға келген азаматтар ұзын-сонар кезекке тап болды. Жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр.
Фото: pexels.com
Қазақстанда автонөмірді өз қалауы бойынша таңдағысы келетіндер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылды. Алматы, Ақтау және Тараз қалаларындағы бөлімшелерде ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мамандар жүйе қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтуда
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы барлық мамандандырылған ХҚКО-лардың штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қызмет көрсету қалыпты тәртіппен жүріп жатыр, техникалық жүйелерде ешқандай ақау тіркелмеген.
Бұл жағдай жүргізуші куәлігін рәсімдеу немесе көлікті тіркеу кезінде нөмір таңдағысы келетіндердің белсенділігімен байланысты. 2026 жылдан бастап азаматтар мемлекеттік нөмірдегі сандар мен әріптерді еркін таңдай алады. Осыған байланысты қызығушылық қазірдің өзінде артып отыр.
