Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? •

    Түркістан облысында жүргізуші шыршаны құлатып кетті (видео)

    Түркістан облысында жүргізуші шыршаны құлатып кетті (видео)

    Фото: Видеодан скрин

    Түркістан облысында көлік жүргізушісі орталық алаңдағы жаңа жылдық басты шыршаны соғып құлатып кеткені анықталды. Оқиға бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға түнгі шамамен 03:00-де болған.
    «Сарыағаш аудандық полиция басқармасына белгісіз автокөліктің орталық алаңдағы шыршаны зақымдап, оқиға орнынан жасырынғаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарап, жүргізушінің тұлғасын анықтады», – делінген ведомство хабарламасында.

    Тексеру нәтижесінде ВАЗ-2105 көлігін тізгіндеген азамат шыршаны айналып өтпек болып, көлікті басқара алмай қалғаны белгілі болды.

    Жүргізуші кейін шыршаны қалпына келтіруге қатысып, алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермейтінін айтқан. Оған қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара қолданылып, автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →