Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? •

    Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы сотталып кетті

    Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы сотталып кетті

    Фото: Pixabay

    Павлодар қаласында түзету мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты резонансты қылмыстық іс аяқталды. 40 жастағы экс-әділет подполковнигі мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады деген айыппен кінәлі деп танылды. Іс материалдарына байланысты сот процесі жабық форматта өтті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы irbistv.kz дерегіне сүйене отырып хабарлады.

    №45 мекемені басқарған азаматқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған, сондай-ақ мемлекеттік құпия саналатын мәліметтерді заңсыз жинап, таратумен айналысқан.

    Үкімді жариялаған Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығын ескере отырып, жазаларды ішінара сіңіру қағидатын қолданды. Нәтижесінде сотталған азамат 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →