Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    24 желтоқсанға ауа райы болжамы

    24 желтоқсанға ауа райы болжамы
    Screenshot

    Фото: freepik.com

    «Қазгидромет» 24 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Жезқазғанда 24 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

    Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

    Астанада бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -9…-11°C, күндіз -1…+1°C.

    Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -3…-5°C, күндіз +1…+3°C. 

    Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C. 

    Солтүстік Қазақстан облысында қар бұрқасындатып, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз және түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 

    Петропавлда 24 желтоқсанда қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 25 желтоқсанда қалада қар жауып, бұрқасындатады, 26 желтоқсанда түнде қар жауады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 17-19 градус аяз болады, 26 желтоқсанда түнде сынап бағаны 27-29 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

    Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Талдықорғанда 24 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

    Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз + 4…+6°C.

    Оралда көшпелі бұлт, қар, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -10…-12°C.

    Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы -18…-20°C, күндіз -8…-10°C.

    Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы -18…-20°C, күндіз -2…-4°C.

    Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.

    Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с., түнде ауа температурасы -3…-5°C, күндіз +4…+6°C. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →