Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды •

    Түркістан облысында насыбай өндіретін жасырын цех анықталды

    Түркістан облысында насыбай өндіретін жасырын цех анықталды

    Фото: polisia.kz

    Түркістан облысының Келес ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында насыбай өндірумен айналысқан жасырын цехты әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тексеру барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайындағы аула сарайынан жалпы салмағы шамамен 2000 келіні құрайтын 40 қап дайын насыбай өнімі, сондай-ақ оны дайындауға арналған арнайы құрылғылар табылған. Күдікті – егде жастағы ер адам.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елімізде насыбайдың адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні бірнеше рет ескертілген. Осыған байланысты полиция тарапынан аталған өнімнің зияны мен заңсыз айналымының салдары туралы түсіндіру және алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    Аталған факті бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →