Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды •

    Астанада заңсыз суррогат алкогольдің көтерме саудасы әшкереленді

    Астанада заңсыз суррогат алкогольдің көтерме саудасы әшкереленді

    Фото: Pixabay

    Астана қаласында азаматтық бақылау аясында «Дала Қырандары» ЖҚБ-нің «Абырой» жасағы жүргізген іс-шаралар барысында суррогатты алкогольді көтерме түрде сатқан «Гүлсара» дүкені анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тексеру кезінде 1280 литр көлемінде заңсыз алкоголь өнімдері табылды. Іс-шара барысында түсірілген бейнематериалдарда дүкен иесінің суррогатты алкогольді самогон аппараты арқылы өзі өндіріп, кейін сатумен айналысқанын өзі айтқаны көрінеді.

    Аталған дерек бойынша оқиға орнына құзырлы органдар мен арнайы топ келіп, анықталған өнімдерді тәркіледі. Материалдар әрі қарай тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін жауапты органдарға жолданды.
    Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда суррогатты алкогольді тұтыну салдарынан күн сайын кемінде бір адам көз жұмады. Мамандар мұндай заңсыз қызметтің адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, қоғам үшін үлкен трагедия екенін атап өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →