Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Петропавлда жеті жыл бойы шешілмеген мәселе: шатыры шіріген үй құлаудың аз-ақ алдында

    Петропавлда жеті жыл бойы шешілмеген мәселе: шатыры шіріген үй құлаудың аз-ақ алдында

    Фото: видеодан скрин

    Петропавл қаласындағы Интернациональная көшесі, 33-үйдің тұрғындары жеті жылдан бері көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жасалуын күтіп келеді. Уақыт өткен сайын жағдай ушығып, ғимараттың қауіпсіздігіне нақты қатер төне бастаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тұрғындардың айтуынша, шатырдағы ағаш конструкциялар толықтай шіріп кеткен. Жуырда тіреуіштердің бірі құлап, төменгі қабаттағы пәтерде сылақ опырылған. Бұл — апатты жағдайдың алғашқы белгісі ғана.

    Аталған үйдің шатырының астында жылу жүйесінің құбырлары орналасқан. Абырой болғанда, құлаған ағаш бөлік құбырға тимеген. Егер олай болмағанда, қыс мезгілінде бүкіл үй жылусыз қалу қаупі туар еді.

    Үй тұрғындары мәселені бірнеше мәрте көтеріп, қала әкімдігіне ресми хат жолдағанын айтады. Тіпті жөндеу жұмыстарына өз қаражаттарынан төлеуге дайын екендерін де білдірген. Алайда олардың сөзінше, көршілес үйлердің шатырлары әлдеқашан жаңартылғанымен, бұл екі подъезді үй ғана назардан тыс қалып отыр.

    Әлеуметтік желіде петропавлдықтар бұл жағдайды бір ғана үйдің емес, бүкіл қалаға ортақ проблема деп бағалап жатыр. Қаладағы ескі үйлердің тозуы қауіпті деңгейге жеткенін айтып, жауапты органдардың әрекетсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.

    Ал тұрғындар болса, нақты қауіпке қарамастан, әкімдік бұл мәселені жылдар бойы созып, жауапкершілікті кейінге ысырып отыр деп сын айтуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →