Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді •

    Аяғы ауыр: Жамбыл облысында 14 жастағы қызды зорлағандар бостандықта жүр

    Аяғы ауыр: Жамбыл облысында 14 жастағы қызды зорлағандар бостандықта жүр

    Фото: Tengrinews.kz

    Жамбыл облысы полиция департаменті өңірде 14 жастағы қыздың зорланғанына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today порталы. 

    Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыздың зорланып, артынан аяғы ауыр болып қалғаны туралы ақпарат «НеМолчиKZ» қорының Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

    «Анасы 14 жастағы қызына жедел жәрдем шақыртқан. Оның аяғы ауыр болып шықты. Жасөспірімді зорлаған. Бір топ адам болып зорлаған болуы мүмкін. Зорлық әрекеттерді жасағандар бостандықта жүр. Қыз баланың менталды бұзушылықтары бар. Анасы мен қызына ешкім көмек көрсетіп жатқан жоқ. Біз не істеу керек екенін білеміз. Анасының сөзінше, осы уақытқа дейін бірде-бір күдікті ұсталмаған. 14 жастағы қыздың жүкті болып қалғаны тергеу амалдарын жеделдетпеген», — делінген қор хабарламасында.

    Оқиғаның мән-жайына қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті пікір білдірді.

    «Кәмелетке толмаған қызына қатысты заңға қайшы әрекеттерге байланысты анасының арызы бойынша жедел түрде сотқа дейінге тергеу жұмыстары басталып кетті. Күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестің барлық қатысушыларының дәлелдері тексеріліп, дәйектерді жинау іске асырылуда», — деді полиция қызметкерлері.

    Оған қоса тергеу органдары оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп анықтап жатқаны хабарланды. Полиция тергеу амалдары аяқталған соң заң жүзінде негізделген процессуалдық шешім қабылданатынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →