Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    Түркістанда ветеринарлар жоқ малды тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырған

    Түркістанда ветеринарлар жоқ малды тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырған

    Фото: Pixabay

    Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырғандар сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеп. 

    Облыстық прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары заңсыз субсидия жымқырған фактісін сотқа жолдаған.

    Тергеу барысында анықталғаны, аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен бірге сөз байласып, шаруа қожалықтарының аттарына іс жүзінде болмаған 100 мың бас шамасындағы ұсақ малды ақпараттық жүйеде заңсыз тіркеп 271 млн теңге субсидияны жымқырып, өзара бөліскен.

    Түркістан қаласының сотымен алаяқтық жолмен, жоқ малдарға жалған құжаттар әзірлеп, субсидия қаражатын жымқырған 5 тұлға кінәлі деп танылып, 4 күдікті 5,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, соңынан сот рақымшылық актісін қолданып істі тоқтатты.

    «Мемлекеттің пайдасына  50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды.

    Түркістан облысы прокуратурасы мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа көзделгенін және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді», – делінген прокуратураның хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →