Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    «Реанимацияда жатқанда Ұлданаға бардым»: Министр фельдшердің қазасы туралы айтты

    «Реанимацияда жатқанда Ұлданаға бардым»: Министр фельдшердің қазасы туралы айтты

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы апатта адамдарды құтқару кезінде жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мирзуанның әрекетін жүректе қалатын оқиғаға бағалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Біздің тарапымыздан да, мемлекет атынан да марапаттар болды. Бұл – біздің жүйе үшін, шынымен, күн сайын қызметкерлеріміз жасайтын ерлік. Бұл – жүректе қалатын оқиға. Әрқайсымыз, соның ішінде мен де, саланың басшысы ретінде, медициналық қызметкерлерді қорғауды жалғастыруымыз керектігін терең түсінеміз. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселе қазір Мәжілісте белсенді қаралып жатыр. Келесі жылдың соңына дейін осы бағыттағы заңнамалық өзгерістерді қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұл – медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік, олардың физикалық қауіпсіздігін арттыру мәселелері. Ішкі істер министрлігімен бірге үлкен жұмыс атқардық, қазір де жалғасып жатыр. Емханалардың қабылдау бөлімдері мен алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту бойынша шаралар қабылдаудамыз. Бұл – жүйелі түрде қажет қадамдар, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

    Айтуынша, апат болғаннан кейін ауруханаға барып, Ұлдананың халін білдім деп отыр.

    Қайғылы оқиғадан кейін ертесіне мен ауруханаға Ұлдананың жағдайын білуге бардым. Анасы және жарының қасында болып, сөйлестік. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайдан соң жерлеу рәсіміне қатыса алмадым. Бірақ өз өкілімді жібердім. Отбасына, бүкіл жүйеге және әріптестерімізге қайғырып көңіл айтамыз, — деді ведомство басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →