Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды •

    Бокстан әлем кубогы: Чемпионды атағы бар Санжарәлі Бегалиев жеңіліс тапты

    Бокстан әлем кубогы: Чемпионды атағы бар Санжарәлі Бегалиев жеңіліс тапты

    Фото: ҚБФ

    Делиде өтіп жатқан Бокс бойынша әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 80 келі салмақта Қазақстан атынан шыққан Санжарәлі Бегалиев финал жолдамасы үшін британдық Шиту Оладимеджимен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    Алғашқы раундта төрешілер айқын басымдықты қарсыласқа берді – 5:0. Екінші раундта да Оладимеджи жеңіске лайық деп танылды (3:2).

    Үшінші раундта да төрешілер жекпе-жек Шиту Оладимеджидің басымдығымен өтті деп таныды. Осылайша, Бегалиев турнирдің қола жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев — 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (75 кг). Биыл ол 80 келі салмақ дәрежесінде дебют жасап, U-22 Азия чемпионатының алтынын және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қоласын жеңіп алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →