Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Әлі күнге дейін сенбеймін»: Абылай Арманұлының сүйіктісінің хаты желіні жылатты

    «Әлі күнге дейін сенбеймін»: Абылай Арманұлының сүйіктісінің хаты желіні жылатты

    Коллаж: sn.kz

    Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы бір жыл бұрын жазған хатын желіге жүктеп, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жариялаған хатында ол сүйген жарынан айырылған сәттегі жан күйзелісі мен сағыныш сезімін баяндайды. Аруна өз жазбасында Абылайдың өміріндегі орнының ерекше болғанын атап өтіп, оның қазасына әлі күнге дейін сенбейтінін жеткізген.

    «Сені жоғалту – өте ауыр. Сен мен үшін жай ғана жақын адам емес, жанымның бір бөлігі едің. Жүрегім сыздайды. Әлі күнге дейін қасымда жоқ екеніңе сенбеймін», – дейді ол.

    Сондай-ақ Аруна олардың бірге түскен суреттерінің бүгінде ең қымбат естеліктерге айналғанын айтып, Абылайдың күлкісі мен жылы сөздері жанына әлі де медеу екенін жазған.

    «Сен өміріме қуаныш пен жарық сыйладың. Мен сені әрдайым есімде сақтаймын. Жүрегімде өшпес із қалдырдың», – деп бөлісті ол.

    Хаттың соңында Аруна сүйіктісіне мәңгілік тыныштық тілеп, оның өз өміріндегі орнын ешқашан еш нәрсе алмастыра алмайтынын атап өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →