Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

    Дастан Сәтпаев әлемдік футбол тарихына өз есімін жазды

    Дастан Сәтпаев әлемдік футбол тарихына өз есімін жазды

    Фото: ҚФФ

    Дастан әлем чемпионатына іріктеуде гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы өткен матчында Дастан Сәтпаев ұлттық құрамамыз сапында гол соққан ең жас футболшы атанды. Ол осы көрсеткішімен 2018 жылы Венгрия қақпасына 18 жасында гол соққан Еркебұлан Сейдахметтің рекордын жаңартты.

    Халықаралық статистика деректері бойынша, Дастан тек Қазақстан деңгейінде ғана емес, бүкіл әлемдік іріктеу ойындары тарихында да жас дарындылар қатарынан табылды. Әлем чемпионаты іріктеуінде гол соққан ең жас үш футболшының тізімі төмендегідей:

    Кендри Пайес (Эквадор) – 16 жас 5 ай

    Улафала Сонгаси (Тонга) – 17 жас 1 ай

    Дастан Сәтпаев (Қазақстан) – 17 жас 3 ай

    Жас футболшының маңызды ойында гол соғуы ұлттық құраманың мүмкіндігінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Оның дебюттік голы Қазақстан тарихындағы ең жас автор ретінде тіркеліп, халықаралық аренаның ресми статистикасында орын алды.

    Айта кету керек, Дастан Сәтпаев алдағы 18 қарашада өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды. Өйткені ұлттық құраманың бас бапкері «Қайрат» клубының ойыншыларына соңғы ауыр матчтан кейін демалыс берген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →