Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Ешқандай қатысым жоқ!»: Ерке Есмаханның басы дауға қалды

    «Ешқандай қатысым жоқ!»: Ерке Есмаханның басы дауға қалды

    Фото: @erke_esmahan

    Алаяқтар танымал әнші Ерке Есмаханның есімін пайдаланып, жұртты алдау әрекетіне барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы хабарды ең алдымен әншінің тыңдармандары жеткізген. Олар күдікті жарнамалар мен хаттарды көре салысымен Еркеге хабарласып, жағдайдан құлағдар еткен. Желі қолданушыларынан келген дәлелдерден кейін әнші ресми түрде мәлімдеме жасауға міндетті болды.

    «Көп оқырманым алаяқтар туралы жазып жатыр. Менің ешқандай ойынға, жарнамаға немесе ақша жинауға қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспедім, еш жерден ақша сұраған жоқпын. Сондықтан сенбеңіздер! Абай болыңыздар! Алаяқтар өтірікті таргетке шығарып, елді алдап жүр», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Әнші тыңдармандарына сақ болуды ескертіп, кез келген күмәнді сілтемеге немесе жарнамаға алданып қалмауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →