Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі Бурабайдағы жағажай дауы: суға тегін кіру кімнің құқығы? Жезқазғанда ашық құдыққа жылқы құлады: шенеуніктер қашанға дейін уәдемен алдайды? Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі Бурабайдағы жағажай дауы: суға тегін кіру кімнің құқығы? Жезқазғанда ашық құдыққа жылқы құлады: шенеуніктер қашанға дейін уәдемен алдайды?

    Қағазда бәрі әдемі: депутат цифрлы қызметтің барлық адамға бірдей қолжетімді емес екенін сынады

    Қағазда бәрі әдемі: депутат цифрлы қызметтің барлық адамға бірдей қолжетімді емес екенін сынады

    Фото: видеодан скрин

    Бүгін Мәжілісте депутат Сенжеғұл Сейтжан халықтың атынан көптің көкейіндегі сұрақты қойды.

    — «Иә, бәрін цифрландырып жатырсыздар. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар не істейді? Кнопкалы телефон ұстайтындар қалай мемлекеттік қызмет алады?» – деді ол.

    Өйткені елде мыңдаған адам әлі күнге дейін смартфон ұстамайды, интернетке кірмейді. Ал электронды үкімет пен цифрлы жүйелердің көбін қолдану үшін арнайы қосымша мен смартфон керек.

    Вице-министрдің жауабы:

    — «Енді мемлекеттік қызметтерді кнопкалы телефон арқылы да алуға болады. Дауыспен сұрап, SMS арқылы растауға мүмкіндік беріледі», – деді ол.

    Яғни, енді қарапайым телефонмен де кей қызметтерді алуға жол ашылмақ. Министрлік қазірдің өзінде 45 мемлекеттік қызметті осындай форматқа бейімдеп қойған. Мысалы, баланың тууына байланысты жәрдемақы, зейнетақы немесе айыппұл туралы хабарлама сияқты қызметтерді қарапайым телефон арқылы алуға болады.

    Бірақ депутат Сенжеғұл Сейтжан бұған сенімді емес.

    — «Қағазда бәрі әдемі, ал шын өмірде адамдар әлі де қиналып отыр. Үш жыл бұл мәселені шешуге аз», – деді ол.

    Оның айтуынша, ескі жүйелер мен жаңа цифрлы технология арасындағы алшақтық халықты тағы да теңсіздікке итермелеуі мүмкін.

    Министрлік болса, бәрі біртіндеп шешіледі дейді.
    Бірақ халықтың көкейінде сұрақ қалды: «Цифрлы теңдік бәріне жете ме, әлде кнопкалы телефон ұстағандар тағы да шетте қала ма?»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →