Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Елена Рыбакина камбэк жасап, WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

    Елена Рыбакина камбэк жасап, WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

    Фото:ҰОК

    Қазақстанның нөмер бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан турнирде керемет камбэк жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингте 5-орындағы америкалық Джессика Пегуламен ақтық бәсекеге жолдаманы сарапқа салды.

    Үш сетке созылған тартыста 4:6, 6:4, 6:3 есебімен Рыбакина жеңіске жетті.

    Елена енді финалда Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, айтулы турнирдің жүлде қоры рекордтық $15,5 миллионды құрайды. Жартылай финалға шыққан спортшы $1,29 млн, ал чемпион атанған теннисші $2,54 млн алады. Турнир жеңімпазының жалпы табысы $5,235 млн-ға жетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →