Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды •

    Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады

    Мөлдір Мұқанова ірі көлемде айыппұл арқалады

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі танымал комик Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, блогер Мөлдір Мұқанованы заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар тізіміне қосты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Tengri Life-қа сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеген.

    Мұқанова бұл бап бойынша жауапқа тартылған жалғыз медиа тұлға емес. Бұған дейін, сәуір айында блогер Дархан Жолшыбек (3,1 миллион жазылушысы бар) дәл осындай құқықбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) айыппұл төлеген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →