Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты

Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты

Жарақат алғандар бар.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 75-тен астам адам жарақат алды, жергілікті басылымға сілтеме жасап хабарланды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Балх провинциясында табиғи апаттан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 75-тен астам адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар. Олардың үйі опырылып түскен.

Мазари-Шариф қаласындағы көк мешітке зақым келген. Желідегі кадрлардан елдегі ең қасиетті ескерткіштің сыртқы фасадының бір бөлігі құлағанын көруге болады.

Көршілес Саманған провинциясында екі адам көз жұмып, шамамен 200 адам зардап шеккен. Саманған мен Балх арасындағы негізгі автожол құлаған тастарға байланысты жабылып қалды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін хабарлады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →