Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзованы жек көретінін білдірді Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзованы жек көретінін білдірді Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)

    Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)

    Фото: ЖИ

    Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімнің мас күйінде келгенін айтып видео жариялады. Желіде тараған бейнежазбаға қатысты білім ошағының әкімшілігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеода оқушылар мектеп қызметкеріне сұрақ қойып, оның мас күйде келгенін анықтауға тырысатыны көрінеді. Ер адам өз кезегінде спирттік ішімдік ішкенін жоққа шығармай, «осылай болып қалды» деп түсіндіріп, әрекеті үшін кешірім сұрайды. Оқушылардың айтуынша, қызметкер бұған дейін де осындай күйде келіп, балалармен дөрекі сөйлескен көрінеді.

    Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ринат Жұмабаевтың айтуынша, тараған видеодан кейін дереу ішкі тергеу жұмыстары басталған.

    Мектепте ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Айтылған деректер тексерілуде. Жасанды интеллект заманында біз әрнәрсені біз мұқият тексеруіміз керек. Аяқталған соң, қызметкердің тарапынан заң бұзушылық расталса, еңбек кодексіне сәйкес шаралар қабылданады, – деді директор.

    Сондай-ақ бұл оқиға Маңғыстау облысының білім беру ұйымының бақылауына алынды. Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке хат жолдап, мән-жайды анықтауда. Назарбаев Зияткерлік мектептері автономды ұйым болғандықтан, ішкі бақылауды өздері жүргізеді, алайда ақпарат расталса, тек мұғалімнің ғана емес, мектептің қауіпсіздікке жауапты басшылығының да әрекетіне құқықтық баға берілмек. Қазіргі уақытта тексеру жалғасуда.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →