Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді •

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды
    Фото: gov.kz

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Исатаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Рустам Маратұлы 1986 жылы туған. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Дарем университетін тәмамдап, 2021 жылы Гарвард университетінде «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің бас сарапшысы, премьер-министр кеңесшісі, Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Kazakh Invest АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Eurasia Group Kazakhstan ЖШС вице-президенті, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

    2026 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Үкімет аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы болып қызмет атқарған.

    Айта кетейік, бұған дейін Талғат Байеділов Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →