Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті

    «ҚазТрансОйл» Германияға 100 мың тонна Қазақстан мұнайын жеткізеді

    Қазақстан 100 мың тонна мұнайын Германияға береді.

    «Мамыр айында «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытымен Германияға қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 100 мың тоннаны құрайды. Атап өткен жөн, жыл басынан бері «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 90 мың тонна мұнай жеткізді»,- деді Е. Сағиев.

     

    2022 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ-на «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытымен Германияға жеткізу үшін 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауға жылдық тапсырыс жолданды. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы өзара келісім аясында жүзеге асырылады.

    «ҚазТрансОйл» АҚ «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытымен Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің бар екендігін растайды. Дегенмен, мұнайды тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының тапсырысына байланысты болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →