Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады •

    Ресей Белгород облысындағы екі селосынан айырылды

    [ad_1]

    Украинадағы соғыста РФ-ға қарсы соғысып жатқан «Азат Ресей» легионының сарбаздары Белгород облысының екі селосын бақылауға алды. Олар Горький және Щетиновка елді мекендеріне басып кірді.

    Бұл шабуылға «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлері де қатысты. Ұйымның қарулы жасағы шекараның екі жерінен жарып өтіп, Ресейдің армиясының таңдаулы топтарын ығыстырып шығарды.

    Apostrophe.ua-ның хабарлауынша, қазір Горький және Щетиновка «Азат Ресей» легионы мен «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлеріне бағынады. Ал РФ билігі әзірше селоларды қайтару үшін қандай да бір әрекет ете алмай жатыр. Бұл жағдай жергілікті халықты қатты алаңдатып отыр. Кремльдің өзі бұған қатысты түсініктеме беруден де бас тартуда.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, Белгород облысы тұрғындары Ресейдің ішкі облыстарына қашуды одан әрі жалғастыруда. Жолда ұзын кептеліс пайда болған. Тұрғындар ұшаққа мініп те қашып жатыр. Соның ішінде облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың да әйелі болған деген дерек бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →