Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Ақтауда есірткі саудасына қатысы бар бірнеше адам ұсталды

Ақтауда есірткі саудасына қатысы бар бірнеше адам ұсталды

Фото: Полиция

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 196 келі.

Маңғыстау облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктілер қолға түсті.

Нақтылап айтсақ, Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, «СОБР» арнайы жасағының және «Кира» есімді қызметтік иттің қатысуымен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша ауқымды операция жүргізген. Нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысқан 3 күдікті ұсталды.

Бірнеше мекенжайды тінту барысында полицейлер ірі көлемдегі марихуана тәркілеген. Сонымен қатар, электронды таразылар, орау материалдары мен пневматикалық қару табылды.

Қосымша тергеу амалдары кезінде ұсталғандардың бірінің тұрғылықты үйінің жертөлесінен төрт қорапқа салынған, салмағы 100 келіден асатын марихуана жасырылған қойма анықталған.

– Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 196 келіні құрады. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот шешімімен күдіктілер екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика