Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты •

    Қазақстанда ипотекаға сұраныс азайды

    Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, бірінші тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс 13%-ға төмендегені байқалған. Бұл 194 мың өтінім азайғанын білдіреді. Алматы мен Астанада сұраныс бірден 20%-ға төмендеген, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ұлттық банк негізінен ірі банктердегі көрсеткіш төмендегенін хабарлады. Ал нарық қатысушылары мұны «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ай сайынғы лимиттердің тез игерілуімен, маусымға орай сұраныстың азаюымен және несие бойынша мөлшерлеменің төмендеуімен түсіндіреді.

     

    «Ипотекалық қарыздар құнының өсуі кейбір банктердегі бағдарламалар бойынша ипотекалық несиелеудің азаюына әсер етті», – деп атап өтті Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев.

     

    Ипотекаға өтінім берудің орташа сомасы тоқсан ішінде 4%-ға немесе 700 мың теңгеге өсіп, 17,2 млн теңге болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, орташа чек 1,6 млн теңгеге өскен.

    Бірінші тоқсанда банктер барлығы 127,5 мың өтінімді қарады, мақұлдау деңгейі (қаралмаған өтінімдерді есепке алмағанда) 33,5% — дан 38% — ға дейін өсті. Яғни, несиелік өтінімдердің үштен бірінен сәл астамы мақұлданып, қалған 60%-ынан бас тартылды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →